БҚО-да Армениядан әкелінген мыңнан астам автокөлік тіркелді

ОРАЛ. ҚазАқпарат – Батыс Қазақстан облысында Армениядан әкелінген мыңнан астам автокөлік тіркелді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО-да Армениядан әкелінген мыңнан астам автокөлік тіркелді

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткеніндей, күні бүгінге дейін 1060 автокөлік иесіне сары нөмір берілді.

Соның ішінде 40-ы өзге өңір азаматтарының атына тіркелді. 68 автокөліктің рульдік басқару құралы қайта жабдықталды.

ҚР Үкіметінің 2020 жылғы 2 қыркүйектегі №553 қаулысына сәйкес 20 мамырдағы №306 қаулыға өзгерістер енгізілді.

Енді азаматтар Армениядан биылғы 1 ақпанға дейін әкелінген сол жақтан басқарылатын автокөліктерін 2021 жылғы 1 наурызға дейін тіркей алады.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын БҚО-да автокөлік аударылып, ағалы-інілі жігіттердің ауруханаға жеткізілгенін жазған болатынбыз.