БҚО-да әскери полигоннан зардап шеккендерге 141,1 млн. теңге көлемінде әлеуметтік төлем қарастырылуда

ОРАЛ. ҚазАқпарат - Батыс Қазақстан облысында Капустин Яр және Азғыр әскери полигондарында жасалған сынақтардан зардап шеккен мүгедектерге жергілікті бюджет есебінен биыл 141,1 млн. теңге қаралып отыр. Яғни, бұл санатқа өңірдің алты ауданының тұрғындары енгізілмек.
None
None

Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Кемел Сәдібековтің айтуынша, өткен жылы осыған орай 4028 мүгедекке 126,3 млн. теңге көлемінде әлеуметтік жәрдем берілген.

Жалпы, өңірде 708 әлеуметтік қызметкер 613 мүгедек балаға, 373 он сегіз жастан асқан психоневрологиялық ауруымен сырқаттанатын мүгедектерге және 2441 жалғызбасты қариялар мен бірінші, екінші топтағы мүмкіндігі шектеулі жандарға арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетіп келеді. Сондай-ақ облыс бойынша 1235 қамқорланушыға арналған 9 медициналық-әлеуметтік мекеме бар.

Аталмыш басқарма әлеуметтік қорғауға жататын тұрғындарға, соның ішінде мүгедектерге арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетудің баламалы түрлерін дамыту бағытында түрлі қоғамдық бірлестіктермен де тығыз байланыста жұмыс жасауда.

Соңғы жаңалықтар