БҚО-да Атырау облысы бойынша ҚАЖ департаментінің бастығы жол апатынан қаза тапты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Атырау облысы бойынша ҚАЖ департаментінің бастығы Николай Шемакин Батыс Қазақстан облысындағы Ақжайық ауданы аумағында орын алған көлік апатынан көз жұмды.
None
None

«Мой город» порталы хабарлағандай, апат 27 мамырда сағат 17.30-да Атырау-Орал тас жолының 270 шақырымында Атамекен кентінің маңында болған. 48 жастағы ҚАЖД бастығы Шемакин Орал қаласына бет алған. «Ланд Крузер-200» көлігін 1991 жылы туылған Валентин Кузеняткин басқарып келе жатқан. Ол УГ-157/10 мекемесі жедел бөлімінің жедел қызметкері болып жұмыс істейді. Алдын ала деректерге сүйенсек, жүргізуші рөлді басқара алмай қалған. ҚАЖД бастығы оқиға орнында көз жұмды. Жүргізуші ауыр жарақатпен, атап айтқанда, омыртқасы зақымданып, Ақжайық орталық аудандық ауруханасына жеткізілді.

Соңғы жаңалықтар