БҚО-да ауылдың екі тұрғыны қару және есірткі заттарын заңсыз сақтаған

ОРАЛ. KAZINFORM — БҚО полиция департаментінің экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасы мен Сырым аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері бірлесіп жүргізген жедел іздестіру іс-шаралары нәтижесінде екі ауыл тұрғыны қару мен есірткі заттарын заңсыз сақтағаны үшін ұсталды. 

БҚО-да ауылдың екі тұрғыны қару және есірткі заттарын заңсыз сақтаған
Фото: БҚО полиция департаменті

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, күдіктілердің тұрғын үйлерін тінту барысында тыйым салынған заттар тәркіленді.

Олардың біреуінен тіркелмеген тегіс ұңғылы аңшылық мылтық, 6 оқ-дәрі, қорада жасырылған жасыл түсті, ұнтақталған өсімдік тектес (есірткіге ұқсас) 500 грамнан астам зат, қолданылған 6 шприц пен пластик бөтелке табылды.

БҚО-да ауылдың екі тұрғыны қару және есірткі заттарын заңсыз сақтаған
Фото: БҚО полиция департаменті

Екіншісінің үйінен газетке оралған өсімдік тектес зат, ауласынан тағы үш пакет, өсімдік заты бар үш шприц, есірткіні дайындауға және тұтынуға арналған арнайы құрылғылар шықты.

БҚО-да ауылдың екі тұрғыны қару және есірткі заттарын заңсыз сақтаған
Фото: БҚО полиция департаменті

— Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Барлық тәркіленген затқа сот-химиялық және баллистикалық сараптамалар тағайындалды. Қазіргі уақытта есірткі заттарының шығу көзін анықтауға бағытталған тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, — деп хабарлады ведомстводан.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын БҚО тұрғыны жасырын жылыжайда есірткі өсіргенін жазған едік

Соңғы жаңалықтар