БҚО-да ауыл шаруашылығы саласындағы өнім көлемі 23,2 пайызға артып отыр

ОРАЛ. 22 желтоқсан. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Батыс Қазақстан облысында биылғы он бір айда 74280,8 млн. теңгенің ауыл шаруашылығы өнімдері өндірілді, бұл өткен жылғыдан 23,2 пайызға артық.
None
None

Облыстық статистика департаментінен түскен мәліметке қарағанда, соның 36003,3 млн. теңгесі өсімдік, 37581,1 млн. теңгесі мал шаруашылығы өнімдерінің үлесіне тиеді. Өсімдік шаруашылығы өнімінің көлемі 2010 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 62,9 пайызға өсіп, мал шаруашылығы өнімі 1 пайызға кеміді.

Облыстың барлық шаруашылық санаттарында 2011 жылдың қаңтар-қарашасында тірілей салмақпен алғанда, 64,4 мың тонна (2010 жылғы осы мерзіммен салыстырғанда 101,6 %) мал мен құс еті, 216,6 мың тонна сүт (95,2 %), 126,0 млн. дана тауық жұмыртқасы (103,9 %) өндірілді.

Соңғы жаңалықтар