БҚО-да ауыл тұрғыны салмағы 70 келіден асатын жайын ұстады (ФОТО)

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазталов ауданы Қайыңды ауылының тұрғыны Аслан Жайынов 19 маусым күні Қараөзеннен салмағы 70 кг, ұзындығы 2 метр 20 см болатын жайын ұстады.
None
None

Жергілікті журналист Қайрат Жақыптың хабарлауынша, ауыл тұрғыны мұндай олжаға бірінші рет кенеліп отырған жоқ. Ол өткен жылы дәл осы өзеннен салмағы 45 кг, ұзындығы 2 метр болатын жайынды ұстаған болатын.

Сөйтіп Жайынов жайын ұстау жөнінен өз рекордын осылайша жаңартып отыр.

null null 

Соңғы жаңалықтар