16:55, 22 Желтоқсан 2017 | GMT +5
БҚО-да автобус аударылды
ОРАЛ. ҚазАқпарат - Бүгін облыс аумағында жол бойында шағын автобус аударылып қалды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» тілшісі.

БҚО ІІД баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, оқиға сағат 09.30 шамасында Орал-Ақсай жолы бойында, Теректі ауданы орталығы Федоров ауылы маңында болған. Шағын автобустың артқы доңғалағы жарылып, салдарынан көлік бір бүйіріне аударылған.
Қазіргі кезде мән-жайы анықталып жатқан оқиға салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ.