17:41, 28 Қараша 2011 | GMT +5
БҚО-да автокөлікті айдап кеткендер қолға түсті
ОРАЛ. 28 қараша. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - 23 қараша күні түнде белгісіз біреулер Атырау қаласындағы «Толқын» шағынауданындағы №5 үйдің ауласынан 2006 жылғы, қара түсті «LEXUS RX 350» автокөлігін айдап кеткен.

БҚО ІІД жол полициясы басқармасынан хабарлағанындай, автокөлікті «барымталап» кеткендерді тоқтатуға жеке құрам жұмылдырылды. Оқиға болғаннан кейінгі екінші күні кешкісін құрамында жол полициясы инспекторлары Тельман Болатов пен Қайдар Есмағұлов бар патрульдік экипаж автокөлікті Ақжайық ауданы Мерген ауылы тұсынан «тапты».
Автокөліктің иесі фирма директоры болса, айдап кеткендер сонда жұмыс жасайтын екі қызметкер екен. Олар автокөлікті жалақы қарызы үшін айдап кеткен болып шықты.