БҚО-да «Әйел - отбасының және мемлекеттің тірегі» тақырыбында шара өткізілді

ОРАЛ. 28 мамыр. ҚазАқпарат -БҚО-да «Әйел - отбасының және мемлекеттің тірегі» тақырыбында республикалық шара өткізілді.
None
None

Облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, шараға 457 адам жұмылдырылып, 1480 ақпараттық материалдар таратылды. 359 қоғамдық шара ұйымдастырылды. Шара кезінде әйелдерге қатысты зорлық-зомбылық тіркелген жоқ.

Өңірде биылғы төрт айда әйелдерге қатысты 308 қылмыс тіркелсе, соның үшеуі - кісі өлтіру, төртеуі - қасақана ауыр дене жарақатын келтіру (оның екеуі адам өліміне соқтырған), 11-і - денсаулыққа орта дәрежеде зақым келтіру, 32-сі - бұзақылық, 92-сі - алаяқтық, бесеуі - бопсалау. Осы мерзімде отбасылық-тұрмыстық қарым-қатынаста 1011 құқық бұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 779-ына қатысты қорғау нұсқамасы толтырылды.

2012 жылдың соңынан бері облыс орталығында әйелдерге арналған бейімдеу орталығы жұмыс жасайды.

Соңғы жаңалықтар