БҚО-да аймақтық үйлестіру кеңесі мақұлдаған жобалар саны 50-ге жетті

None
None
ОРАЛ. 6 желтоқсан. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Облыс әкімінің бірінші орынбасары Нұрлан Ноғаевтың төрағалығымен өткен аймақтық үйлестіру кеңесінің кезекті отырысында

«Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасының бірінші бағыты - «Жаңа бизнес бастамаларын қолдау» бойынша банк несиелерінің пайыздық мөлшерлемелерін субсидиялау бағытында жаңа жобалар талқыланды.

«Аймағамбетов Б.С.» ЖК екі самосвал алуды жоспарлап отыр, соның арқасында төрт қосымша жұмыс орны ашылмақ. Жоба «Ресей жинақбанкі» АҚ бөлімшесі арқылы жүзеге асырылмақ. «Риа Мир» ЖШС да «АТФ Банк» АҚ арқылы автокөлік құралдарын алуды көздейді.

Стоматологиялық қызметпен айналысатын «Джунусова Л.А.» ЖК стоматологиялық құрал-жабдық алмақшы. Мұнда бір жұмыс орны ашылмақ. Жоба «Казкоммерцбанк» АҚ арқылы қаржыландырылады.

Аталмыш жобалар келісу үшін ҚР Экономика және сауда миинистрлігіне жолданды.

Бағдарлама басталғаннан бері аймақтық үйлестіру кеңесі бірінші және үшінші бағыттар бойынша 50 жобаны мақұлдаса, соның 34-іне демеуқаржы бөлу жөнінде келісісм-шартқа қол қойылды.

Соңғы жаңалықтар