БҚО-да айыппұлын төлемеген 301 автокөлік ұсталды
ОРАЛ. ҚазАқпарат - БҚО ІІД-нің әкімшілік полиция басқармасының қызметкерлері сот орындаушыларымен бірлесе отырып, жыл басынан бері 5,9 млн теңге әкімшілік айыппұлын төлемегені үшін 301 автокөлік иесін ұстады.
Әкімшілік полиция басқармасынан түскен мәліметке қарағанда, 4,9 млн теңге (82,7 пайыз) айыппұлды төлегеннен кейін 273 автокөлік иесіне қайтарылды.
Мамандандырылған тұрақта қазіргі кезде иелері 1 млн теңге айыппұлын төлемеген 28 көлік құралы қаңтарылып тұр.