БҚО-да балабақша, мектеп, ауруханаларға жылу берілуде

ОРАЛ. 9 қазан. ҚазАқпарат - Батыс Қазақстан облысында жылыту маусымына дайындық жұмыстары белгіленген кестеге сәйкес жүргізілуде.
None
None

Бұл туралы облыс әкімі Нұрлан Ноғаев мәлім етті.

Облыстың өндірістік және әлеуметтік маңызы бар нысандарын алдағы жылыту маусымына дайындау жұмыстары туралы мәселе тұрақты бақылауда тұр.  

Қазіргі уақытта Орал қаласы бойынша 1160 үйдің 1130-і (немесе 97 пайыз), Ақсай қаласы бойынша 113 үйдің барлығы яғни 100 пайыз маусымға дайын (облыс бойынша 1273 үйден 1243 дайын немесе 98 пайыз). 449 денсаулық сақтау, 363 мәдениет, 668 білім беру,  әлеуметтік қамту нысандары 100 пайызға дайын.

Бүгінгі таңда жылу беруші кәсіпорын 8 мектепке, 19 балабақшаға, 10 денсаулық сақтау нысандарына жылу берді.                     

Жоспарланған 14,65 мың тонна  көмірден 10,65 мың тонна  (72 пайыз), 4,29 мың тонна сұйық отыннан 3,28 мың тонна (77 пайыз) тасып алынды.

Бүгінгі күні коммуналдық кәсіпорындардың  14,08 шақырым жылу (жоспардан 101%), 2824,14 шақырым электр (105%), 1,5 шақырым кәріз (84%), 18,7 шақырым су құбырлары (94%)  желілері жөнделді.

Жылу маусымы басталғанға дейін облыстағы барлық өндірістік және әлеуметтік нысандар дайын болады.

Соңғы жаңалықтар