БҚО-да барлық сайлау комиссиялары өз міндеттерін орындауға кірісті

Оның айтуынша, қазіргі кезде әзірлік шаралары пысықталуда. Дауыс беру өтетін учаскелер шекаралары нақтыланып, учаскелік комиссиялар тізімі жарияланды. Бұл негізі 23 қараша күні бітуі тиіс еді. Облыстық сайлау комиссиясы мұны бір апта бұрын бітірді. Күні бүгін 523 сайлау учаскесі бар. Ендігі міндет - округтік сайлау учаскелерінің тізімін жасау, олардың мекенжайын анықтап, округтік және аумақтық сайлау комиссияларының тізімін жариялау. Бұл да көп ұзамай аяқталады. Ең бастысы, сайлау комиссиясының қайда екенін, қайда дауыс беретінін әркім білуі тиіс. Әр сайлаудың өзіндік ерекшелігі бар. Жергілікті өкілді органдарға сайлау кезінде округтік сайлау комиссиялары жұмыс жасайды, барлық тізімдер мен округтер нақтыланып, жарияланады. Мұны барлық аумақтық сайлау комиссиялары жүргізуде.
Үміткерді республикалық немесе жергілікті қоғамдық ұйымдар ұсына алады. Сондай-ақ өзін-өзі ұсыну жолы да бар.
Үміткерді ұсыну 16 қарашадан 14 желтоқсанға дейін жүргізіледі. Содан кейін тіркеу басталып, ол 20 желтоқсан күні аяқталады. БҚО-дан барлығы 200 депутат, соның 30-ы - облыстық, 20-сы - қалалық, 150-і аудандық мәслихаттарға сайланады.
«Осының бәрі ел тәуелсіздігінің 20 жылдығы тұсында өтіп отырғаны ерекше жауапкершілік жүктейді», деді В.Иночкин.