БҚО-да «Бекіре-2018» шарасы барысында құқық бұзушыларға 2,1 млн теңге айыппұл салынды
ОРАЛ. ҚазАқпарат - Батыс Қазақстан облысы аумағында 1 сәуір - 31 мамыр аралығында «Бекіре-2018» жедел алдын алу шарасы өткізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
БҚО ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, осы кезеңде жергілікті полиция қызметі мүдделі табиғат қорғау органдарымен бірлесе отырып, заңсыз балық аулауға тосқауыл қою мақсатында 42 рейдтік шаралар өткізді.
Соның нәтижесінде 13 қылмыстық іс қозғалып, оған қоса 143 әкімшілік құқықбұзушылық анықталды.
Табиғат қорғау заңдылығын бұзғаны үшін156 адам жауапқа тартылды. Оларға 2,1 млн астам теңге айыппұл салынды.
Құқық бұзушылардан заттай айғақ ретінде 7514 кг балық, 19 балық аулау құралы, 3 жүзу құралы тәркіленді.