БҚО-да белсенді қызмет жасап отырған 26 мың шағын және орта бизнес субъектісі бар

АСТАНА. 16 қазан. ҚазАқпарат - Шағын және орта бизнес биылғы қаңтар-тамызда 203 млрд. теңгенің өнімін өндірді. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында Батыс Қазақстан облысының әкімі Нұрлан Ноғаев мәлім етті.
None
None

«Шағын және орта бизнесте 45 мың субъекті тіркелген, оның белсенді жұмыс істеп тұрғаны 26 мыңды құрайды. Бұл бағытта 91 мыңнан астам адам қызмет атқаруда», - деді әкім.

Кәсіпкерлікті дамытуға «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы үлкен әсерін тигізіп отырғандығына тоқталған Н. Ноғаев 2010-2013 жылдар аралығында 37,6 млрд. теңгенің 251 инвестициялық жобасы мақұлданып, 2 мыңнан астам жұмыс орны ашылғандығын жеткізді.

Соңғы жаңалықтар