БҚО-да білім нысандарын салуға 2383,0 млн. теңге, денсаулық сақтау нысандарына 2898,3 млн. теңге бөлінді

ОРАЛ. ҚазАқпарат - Батыс Қазақстан облысында биыл төрт бірдей білім беру нысаны бой көтермек.
None
None

Облыстық құрылыс басқармасы басшысының орынбасары Арман Өксікбаевтың мәлім еткеніндей, Оралға қарасты Деркөл кентіндегі 600 орындық мектеп құрылысына 450,0 млн. теңге, Шыңғырлау ауданы орталығында 290 орындық балабақшаға биыл 250 млн. теңге бөлінді. Сондай-ақ Зачаган кентіндегі 1200 орындық және Жаңақала ауданы орталығындағы 100 орындық интернатымен 600 орындық мектеп құрылысын аяқтауға сәйкесінше 1052,3 млн. және 631,6 млн. теңге қаралды. Сонда барлығы 2383,0 млн. теңге жұмсалмақшы.

Денсаулық сақтау саласында Орал қаласында 150 төсектік балалар сауықтыру орталығын салу көзделуде, бұған 2015 жылы 300 млн. теңге кетпек. Сол секілді 300 төсектік қалалық көпбейінді аурухана құрылысын бітіруге 2598,3 млн. теңге берілді. Бұл салада құрылысқа барлығы 2898,3 млн. теңге қарастырылды.

Соңғы жаңалықтар