БҚО-да бір аптада 413 адамнан коронавирус анықталды

БҚО Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінен мәлім еткендей, облыс «қызыл» аймаққа қайта кірді.
Осы кезге дейін облыста 13878 адам коронавирус жұқтырып, соның 11459-ы жазылып шықты. 219 адам өмірден озды.
Пневмонияға шалдыққан 250 адам стационарлық, 40 науқас амбулаторлық ем алуда.
Күні бүгін инвазивті емес жасанды тыныс алу аппаратына - 6, оттегі концентраторына - 14, орталықтандырылған оттегі көзіне 68 адам қосылған.
Инфекциялық ауруханаларда - 275, карантиндік стационарларда - 38 адам емделуде. 16 адам жансақтау бөлімінде жатыр.
Қыркүйек айынан бері ауырған балалар саны 536-ке жетті. Биыл 358 бала коронавирус жұқтырған.
Чинарев кенішіндегі «Жайықмұнай» ЖШС-да жыл басынан бері 35 адамнан індет табылды. Ал Қарашығанақ кенішін игеріп жатқан «ҚПО б.в.» компаниясында биыл 48 адамның ауырғаны тіркелді.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын БҚО-да соңғы төрт күнде 231 адамнан коронавирус табылғанын жазған болатынбыз.