22:35, 15 Ақпан 2013 | GMT +5
БҚО-да бір айда 149,2 млрд. теңгенің өнеркәсіп өнімі өндірілді
ОРАЛ. 15 ақпан. ҚазАқпарат - Батыс Қазақстан облысында биылғы қаңтар айында 149,2 млрд. теңгенің өнеркәсіп өнімі өндірілді.

Облыстық статистика департаментінен хабарлағанындай, бұл өткен жылғы осы айдағыдан 4,7 пайызға артық. Соның ішінде кен өндіру саласында 134,7 млрд. теңгенің өнімі өндіріліп, өсім 2,6 пайызды құрады. Соның ішінде табиғи газ өндіру 1,1 газ конденсаты 0,6 пайызға артты.
Бір айда өңдеу өнеркәсібінде 10,7 млрд. теңгенің өнімі шығарылды. Әсіресе, мұнай өнімдерін өндіру - 8,3, металлургия өнеркәсібі - 1,3, машина жасау - 1,3, азық-түлік өнімдері 1,1 есеге көбейді.
Электрмен қамту, газ, бу бөлу кәсіпорындарында өнім көлемі 3,5 млрд. теңгеге жетіп, 2,2 пайызға жоғарылады. Сумен қамту, кәріз жүйесі, қалдықтарды жинайтын кәсіпорындарда өндіріс көлемі 0,3 млрд. теңгені құрап, 12,5 пайызға ұлғайды.