БҚО-да бір айда 1857,5 млн. теңгенің ауыл шаруашылығы өнімдері өндірілді

ОРАЛ. 15 ақпан. ҚазАқпарат - Батыс Қазақстан облысында биылғы қаңтар айында 1857,5 млн. теңгенің ауыл шаруашылығы өнімдері өндірілді.
None
None

Облыстық статистика департаментінен түскен мәліметке қарағанда, осының дені (1855,9 млн. теңге) мал шаруашылығының үлесіне тиеді.

Жыл басынан бері өңірде тірілей салмақпен алғанда, 3,5 мың тонна мал мен құс еті (өткен жылғы қаңтармен салыстырғанда - 96 пайыз), 3,9 мың тонна сүт (108,5 пайыз), 9,0 млн. дана жұмыртқа (95,6 пайыз) өндірілді.

Биылғы 1 ақпанда облыста 391,6 мың бас ірі қара (103 пайыз), 720,4 мың қой (104,7 пайыз), 174,4 мың ешкі (102,1 пайыз), 89,0 мың жылқы (113,1 пайыз), 3,0 мың түйе (93 пайыз), 25,2 мың шошқа (110 пайыз), 829,5 мың құс (90,9 пайыз) санаққа іліккен.

Соңғы жаңалықтар