БҚО-да бір айда 48 млн жуық теңге әкімшілік айыппұл салынды

ОРАЛ. ҚазАқпарат - БҚО ішкі істер департаменті бөлімшелері қаңтар айында 12 009 әкімшілік құқықбұзушылықты анықтап, 47,9 млн астам теңге айыппұл салынды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» тілшісі.

 БҚО-да бір айда 48 млн жуық теңге әкімшілік айыппұл салынды

Соның ішінде 4 683 әкімшілік іс бойынша 31,9 млн астам теңге өндірілді.

«Сонымен қатар өткен ай ішінде сот орындаушыларының қаулылары бойынша алты «Ураган» аппараттық-бағдарламалық кешенімен 32 көлік құралы тоқтатылды. Бұлардың иелерінің жалпы қарызы 438 806 теңгені құрады», деді департаменттің әкімшілік полиция басқармасы әкімшілік практика бөлімі бастығының міндетін атқарушы, полиция капитаны Олжас Ибрайымов.