10:26, 01 Қаңтар 2014 | GMT +5
БҚО-да бір жылда 6345 неке қиылды
ОРАЛ. 1 қаңтар. ҚазАқпарат - Батыс Қазақстан облысында 2013 жылы 6345 неке қиылып, заңды тіркеуден өтті.

БҚО әділет департаменті АХАТ және апостиль қою қызметін ұйымдастыру бөлімінің басшысы Гүлжамал Лұқпанның айтуынша, бұл алдыңғы жылғыдан 3 пайызға жоғары. 2012 жылы 6126 жұп отау көтерген еді.
Сонымен қатар өңірде нәрестелердің дүниеге келу саны да ұдайы артып келеді. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметіне қарағанда, тек өткен жылдың он бір айында ғана 11645 сәби жарық дүние есігін ашқан, бұл алдыңғы жылғыдан 406 бөбекке көп.