БҚО-да бірқатар облыстық мекемелердің басшылары ауысты
ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі БҚО бойынша департаментінің басшысы болып Әділхан Қасымханұлы Әшірбаев тағайындалды. Ол он бес жылдан астам уақыт бойы ҰҚК құрылымдарында қызмет істеген. Департамент басшысының орынбасары болып келген Нұрлан Болатұлы Сүйінбаев тәртіптік кеңестің төрағасы қызметін де атқаратын болады.
Сол секілді Темірхан Мәулетұлы Қонақбаев ҚР АШМ Ветеринарлық бақылау және қадағалау комитеті БҚО аумақтық инспекциясының басшысы болып іске кірісті. Ол бұған дейін осы құрылымда Теректі аудандық аумақтық инспекциясының басшысы болды. Сондай-ақ Бауыржан Сатқанұлы Имашев облыстық малдәрігерлік зертхананың директоры болып тағайындалды. Ол осыған дейін «Жайық Пресс» ЖШС баспаханасына жетекшілік етті.