БҚО-да «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы аясында тағы алты жоба мақұлданды

АЛ. 10 қараша. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Облыс әкімінің бірінші орынбасары Нұрлан Ноғаевтың төрағалық етуімен өткен аймақтық үйлестіру кеңесінің кезекті отырысында «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы аясында тағы алты жоба мақұлданды.
None
None

«Бошалақ» ЖК білім беру қызметін ұйымдастыру үшін жылжымайтын мүлікке қол жеткізуді жоспарлап отыр. «Попков А.Б.» шаруа қожалығы тоқаш пен вафля өнімдерін өндіру үшін арнайы жабдық алмақ. «Мұратов Б.М.» ЖК Қарашығанақ кенішін игеруге қатысып жатқан шетелдік компанияларға көлік қызметін ұсынбақ. Кәсіпкер мемлекеттік бағдарлама арқасында жалға беру үшін автокөлік құралдарын алмақшы. «Аяз» ЖШС ғимараттың қасбеті мен тері бұйымдары цехын жөндеу үшін жеңілдікпен несие алмақшы. «Гудилов А.А.» ЖК көкөніс және бау-бақша дақылдарын өсірумен айналысады. Кәсіпкер жабдық пен ауыл шаруашылығы техникасына, сондай-ақ көкөніс қоймасын аяқтау үшін құрылыс материалдарына қол жеткізбекші. Мұнай өнімдерін қабылдап, сақтауға және өткізуге маманданған «Батыс Арна» ЖШС мұнай базасын жаңғыртпақшы.

Соңғы жаңалықтар