БҚО-да «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасы аясында жүзінші келісімге қол қойылды

ОРАЛ. 2 қазан. ҚазАқпарат - Батыс Қазақстан облысында «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасы аясында демеуқаржы бөлу жөнінде жүзінші келісімге қол қойылды.
None
None

 Ол «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ, «Казкоммерцбанк» АҚ және жеке кәсіпкер Владимир Ружейников арасында жасалды.

Кәсіпкерлік ісін 1998 жылдан бастаған В.Ружейников ағаш бұйымдарын өндірумен айналысады. Бүгінде цех есік-терезе, шкаф-купелер, сондай-ақ кафе мен офистер үшін декорациялар шығарады. Өзінің айтуынша, ол «Даму-Өндіріс» несиесін 8 пайыздық мөлшерлеме бойынша алса, соның 7 пайызы аталмыш бағдарлама бойынша қаржыландырылады. Өзі 1 пайызын ғана төлейді. Мұның тиімді екені сөзсіз.

Биыл «Даму-Өндіріс» бойынша 6 несие берілсе, соның бесеуі «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасы аясында жасалған.

Соңғы жаңалықтар