БҚО-да білім саласының 40-қа жуық лауазымды қызметкері жауапқа тартылды

ОРАЛ. KAZINFORM – Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданында білім беру ұйымдарында жүргізілген тексеру барысында заң бұзушылықтар анықталды.

Жамбыл облысында әкімдік қызметкері сотталды
Фото: gov.kz

БҚО прокуратурасының баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, атап айтқанда, Т.Жароков атындағы орта мектепте «Өмір қауіпсіздігі негіздері» бойынша міндетті сабақтар жүргізілмеген.

Бұл ҚР Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарын бекіту туралы» №348 бұйрығы талаптарына қайшы келеді. Аталған сабақ аудандағы 1 200 оқушы үшін ұйымдастырылмаған.

- Еңбек қатынастары саласындағы бұзушылықтар да тіркелді: қызметкерлер ұжымдық шарттармен таныспаған, ал еңбек шартын бұзу кезінде белгіленген нормалар сақталмаған. Тексеру нәтижесінде 30 лауазымды қызметкер тәртіптік, ал 8-і әкімшілік жауапкершілікке тартылды, - деп хабарлады ведомстводан.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын БҚО-да үш ауысымды мектептер мәселесі қалай шешіліп жатқанын жазған болатынбыз.

 

Соңғы жаңалықтар