БҚО-да болған өртте күйік шалған бір әйел мен 2 жасар бала ауруханаға жеткізілді

АСТАНА. 11 қазан. ҚазАқпарат - Батыс Қазақстан облысының Казталов ауданына қарасты Талдықұдық ауылында 10 қазан күні сағат 16:56-да тұрғын үй өртенді.
None
None

Бұл туралы ҚР ТЖМ-нің баспасөз қызметінен хабарлайды.

 Жалын тілі сағат 17:31-де ауыздықталып, 18:31-де толық сөндірілді. Онымен күреске Талдықұдық ауылдық округінің ерікті өрт сөндірушілер құрылымының 10 адамы мен 1 техникасы жұмылдырылды. ТЖ орнына өрт сөндіру қызметі шақырылған жоқ.

 Тілсіз жау 16,5 шаршы метр жерге тарады. Өрт салдарынан күйік шалған 53 жастағы әйел мен 2 жасар бала ауруханаға жеткізілді.

Соңғы жаңалықтар