БҚО-да болған өрттен бір адам қаза тауып, екеуі ауыр жағдайда ауруханаға жеткізілді

ОРАЛ. ҚазАқпарат - Кеше Қаратөбе ауданы Қоскөл және Жусандыой ауылдық округтерінің аумағында өрт болып жатқаны туралы сағат 15.41-де аудандық өрт сөндіру бөліміне хабар түскен.
None
None

БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, өрт сөндірушілер оқиға орнына жеткенде, Қоскөл ауылдық округіне қарасты Ащысай және Бернияз мекендерінде құрғақ шөп жанып жатқан. «Тілсіз жауды» ерікті өрт сөндірушілер ауыздықтамақ болғанымен, қатты жел жағдайды қиындата түскен. Өрт түнде ғана сөндірілген. Облыстық аурухана директорының хирургия ісі жөніндегі орынбасары Жұмабек Шайхиевтің айтуынша, трактормен жүріп, өрт құрсауында қалған үш адам кеше санавиациямен жеткізілген. 1965 жылғы ер адамды 50 пайыз, 1996 жылғы тұрғынды 30 пайыз күйік шалған. Ең қайғылысы, үсті 90-95 пайыздай күйген 17 жасар бозбала бүгін алған жарақаты салдарынан көз жұмды. Қалған екеуі жансақтау бөлімінде, естерін жинағанымен, жағдайлары әлі де ауыр. Оларға тиісті емдік шаралар көрсетілуде.

Соңғы жаңалықтар