БҚО-да бөлшек сауда көлемі 88,9 млрд. теңгеге жетіп, 12,0 пайызға өсіп отыр

АЛ. 18 қараша. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Батыс Қазақстан облысында биылғы он айда бөлшек сауда көлемі 88,9 млрд. теңгеге жетіп, өткен жылғыдан 12,0 пайызға асып түсті.
None
None

Облыстық статистика департаментінен хабарлағанындай, соның ішінде сауда кәсіпорындары 32,5 млрд. теңге, базарлар мен жеке кәсіпкерлер 56,4 млрд. теңгенің тұтыну тауарларын өткізді.

Ірі және орта кәсіпорындары 16,8 млрд. теңгенің (18,9%), шағын кәсіпорындар 15,7 млрд. теңгенің (17,7%), жеке кәсіпкерлер 37,9 млрд. теңгенің (42,6%), базарлар 18,5 млрд.теңгенің (20,8%) тауарын сатты.

Соңғы жаңалықтар