БҚО-да боран: тағы бір республикалық жол жабылды

None
ОРАЛ. ҚазАқпарат - Батыс Қазақстан облысында боранға байланысты тағы бір республикалық жол жабылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ БҚО филиалының мәліметіне қарағанда, 26 желтоқсан күні сағат 11.10-нан бастап республикалық маңызы бар Подстепный-Федоров-РФ шекарасы жолында (0-144 км) барлық көлік түрлері үшін қозғалысқа шектеу қойылды.

Жабылу себебі - қатты боран.

Қазіргі кезде облыс бойынша республикалық маңызы бар Орал-Тасқала-РФ шекарасы, Самара-Шымкент (Орал қаласынан Ресей шекарасына дейін), сондай-ақ облыстық Тасқала-Аққурай-Болашақ-РФ шекарасы, Үлкен Шаған-Переметный жолдары жабық.

БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, облыс бойынша жолда қалған автокөліктерден бірнеше адам құтқарылды.

Орал қаласының өзінде боран соғып тұр.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын БҚО-да боранға байланысты республикалық жолда қозғалыс шектелгенін, Оралда күшті жел бес қабатты тұрғын үйдің шатырын жұлып әкеткенін жазған болатынбыз.

Соңғы жаңалықтар