БҚО-да боранға байланысты республикалық жолда қозғалыс шектелді

ОРАЛ. ҚазАқпарат - Батыс Қазақстан облысында боранға байланысты республикалық жолда қозғалыс шектелді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None

«ҚазАвтоЖол» ЖШС мәліметі бойынша бүгін жергілікті сағат 16.40-тан бастап көршілес Ақтөбе облысында ауа райының нашарлауына байланысты республикалық маңызы бар Самара-Шымкент (394-526 км, Жымпиты ауылынан Ақтөбе облысына дейін) жолы барлық көлік түрлері үшін жабылды.

Жабылу себебі - боран, күшті жел, жолдың көрінуі нашар.

БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметі осыған байланысты ескерту жариялап, тұрғындарға хабарлама таратылып жатқанын жеткізді.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын БҚО-да боранға байланысты республикалық жолдың жабылғанын жазған болатынбыз.



Соңғы жаңалықтар