БҚО-да босану кезінде көз жұмған жүкті әйел: Тергеу амалдары жалғасып жатыр

ОРАЛ. KAZINFORM — БҚО-ның Жаңақала ауданында жүкті әйелдің босану кезінде қаза табуына байланысты тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

аурухана
Фото: Pixabay

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, 15 мамыр күні Жаңақала аудандық орталық ауруханасында жүкті әйел көз жұмған болатын.

«Аталған дерек бойынша Жаңақала аудандық полиция бөлімі тергеу амалдарын жүргізіп жатыр. Қалған іс сараптама қорытындысына сәйкес белгілі болады», деп хабарлады ведомстводан.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Батыс Қазақстанда жүкті әйелдің босану кезінде қайтыс болғанын жазған болатынбыз.

Сондай-ақ марқұмның күйеуі әділдік күтетінін айтты.