БҚО-да бір оқушы екіншісіне пышақ сұғып алған

ОРАЛ. KAZINFORM — Батыс Қазақстан облысында мектеп оқушысының бұзақылық іс-әрекетіне қатысты қылмыстық іс қозғалды.

Қызылордада полицейлерге пышақ ала ұмтылған адам ұсталды
Фото: Pexels

Тұрғындардың сөзіне қарағанда, оқиға бүгін Теректі ауданы Подстепный ауылында болды. Бір оқушы екіншісіне пышақ сұғып алған. 

БҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің нақтылауынша, Теректі ауданы мектептерінің бірінде болған бұзақылық іс-әрекетке байланысты қылмыстық іс қозғалды. 

Алдын ала мәлімет бойынша оқушылар арасында өзара келіспеушілік негізінде жанжал туындаған.

Қазіргі кезде аталған дерек бойынша оқиғаның мән-жайын толық анықтауға бағытталған сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

— Күдікті оқушы ұсталып, полиция бөліміне жеткізілді. Жанжалға қатысы бар кәмелетке толмаған жасөспірімдердің заңды өкілдері балаларды тәрбиелеу бойынша міндетін тиісінше орындамағаны үшін жауапкершілікке тартылатын болады. Материалдар сондай-ақ қосымша шаралар қабылдау және осындай құқық бұзушылыққа жол бермеу үшін аудан әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандар істері жөніндегі комиссияға жіберілді. Қылмыстық істі тергеу барысы БҚО полиция департаменті басшылығының ерекше бақылауында, — деп хабарлады ведомстводан.

Қазіргі кезде оқиғаның мән-жайы анықталу үстінде. 

Еске сала кетейік, бұдан бұрын БҚО-да екі күн ішінде бұрын іздеуде болған 13 күдікті ұсталғанын жазған едік.

Соңғы жаңалықтар