БҚО-да Деркөлдегі су деңгейі Тасқала тұсында қауіпті шекке жақындады

ОРАЛ. KAZINFORM – Батыс Қазақстан облысында барлық өзендерде су деңгейі көтеріліп жатыр.

су тасқыны
Фото: Ғайсағали Сейтақ

«Қазгидромет» РМК БҚО филиалының бүгінгі мәліметі бойынша Деркөл өзені Тасқала ауданы орталығы Тасқала ауылы тұсында бір тәулікте 117 см жоғарылап, 516 сантиметрге жеткен.

Осылайша, су деңгейі қауіпті шекке (520 см) жақындап тұр.

Деркөл сондай-ақ Бәйтерек ауданы Зеленый елді мекенінде 304 см (+54 см, қауіпті шегі – 450 см), Белесте 431 сантиметрге (+130 см, 600-650 см) жеткен.

Тасқала ауданында 2 Шежін өзені 801 сантиметрді (+86 см) көрсетіп, қауіпті деңгейден (780 см) асып кетті. Ал 1 Шежін өзені одан бәсең – 462 см (+16, қауіпті шегі – 646 см).

Жайық өзені Бөрлі ауданы Жарсуат ауылындағы гидробекетте 258 см (+3), Бәйтерек ауданы Январцев тұсында 261 см (+16, қауіпті шегі – 1 мың см), Орал қаласында 189 см (+14, 850 см) болды.

Облыстың оңтүстік аудандары аумағымен ағатын Қараөзен мен Сарыөзен де көтерілу үстінде. Қараөзен Казталов ауданы Қайыңды ауылында 505 см (+28, 1 700 см), Жалпақталда 618 см (+10 см, 790-820 см), Сарыөзен Қошанкөлде 420 сантиметрге (+30, 1 200-1 300 см) жетті.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын БҚО-да Деркөл өзеніндегі су деңгейі бір тәулікте 130 сантиметрге көтерілгенін жазған болатынбыз.

Сондай-ақ Оралда еріген қар суына байланысты тұрғындардан өтініш көбейе түскен.

БҚО-да жолдың үстін су басып, көлік қозғалысына шектеу қойылды.

 

 

Соңғы жаңалықтар