БҚО-да егіннің әр гектарынан 16 центнерден өнім алынуда

ОРАЛ. ҚазАқпарат - Батыс Қазақстан облысында биыл егін бітік шығып, 215 мың гектар егістіктің күні бүгінге дейін 150 мың гектары немесе 69,4 пайызы орылды.
None
None

БҚО ауыл шаруашылығы басқармасы егін шаруашылығы бөлімінің басшысы Денис Омашевтің айтуынша, әр гектарға 16 центнерден келіп, 238 мың тонна астық алынды. Әсіресе, 45 мың гектар күздік бидайдың әр гектарына 27,7 центнерден (өткен жылы - 7,6 центнер) айналып, 124,9 мың тонна (өткен жылы - 22 мың тонна) астық жиналды.

Жаздық дақылдар егістігі 169,96 мың гектар болса, соның 104,12 мың гектарынан (61,3 пайыз) әр гектарға 10,9 центнерден өнім алынды. Өнім 113,9 мың тоннаны құрады. 122,52 мың га жаздық бидайдың 77,25 мыңы немесе 58,9 мыңы орылды (әр гектарға 10,7 центнер). Бұдан 77 мың тонна астық алынды.

Егістіктің қалғаны да мезгілінде орылатын болады. 

Соңғы жаңалықтар