БҚО-да екі айда есірткіге қатысты 60-қа жуық құқықбұзушылық анықталды

ОРАЛ. KAZINFORM — Батыс Қазақстан облысында 1 маусым мен 31 қазан аралығында «Қарасора-2025» кең ауқымды жедел алдын алу іс-шарасы өткізіліп жатыр.

Есірткімен күрес
Фото: БҚО полиция департаменті

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, мұндағы мақсат – құрамында есірткі бар өсімдіктерді заңсыз өсіруді және тарату жолдарын жою, сондай-ақ есірткі айналымына қатысы бар ұйымдасқан қылмыстық топтардың қызметін тоқтату.

Есірткімен күрес
Фото: БҚО полиция департаменті

Іс-шара басталғалы екі ай ішінде есірткіге қатысты 56 құқықбұзушылық анықталды. Оның ішінде 20-сы – қылмыс, 36-сы – қылмыстық теріс қылық. 20 қылмыстық істің санаттары мынадай: 9-ы – есірткі сату, 8-і – тыйым салынған өсімдіктерді заңсыз өсіру, екеуі – есірткіні контрабандалау, біреуі – есірткі тұтынуға арналған притон ұйымдастыру.

Есірткімен күрес
Фото: БҚО полиция департаменті

- Осы кезеңде шамамен 15 келі марихуана тәркіленді. Мысалы, операция барысында есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы Орал қаласының 31 жастағы тұрғынын ұстады. Жеке тінту кезінде оның қалтасынан жасыл изолентаға оралған 9 орама табылды. Олардың ішінде ерекше иісі бар ақ түсті зат болған. Бұдан бөлек, жасырылған орындардан осындай тағы 2 орама тәркіленді. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, тиісті сараптамалар тағайындалды. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде, - деп хабарлады ведомстводан.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Батыс Қазақстанда 3 автокөлік соқтығысып, жүргізуші көз жұмғанын жазған едік.

Есірткімен күрес
Фото: Есірткімен күрес

 

 

Соңғы жаңалықтар