БҚО-да екі жыл ішінде маңызды салаларға 500-ден астам техника сатып алынған

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, Батыс Қазақстан облысында 2023-2024 жылдары тіршілікті қамтамасыз ететін салалардың материалдық техникалық базасы жаңғырудан өтті.

полиция көлігі
Фото: БҚО әкімінің баспасөз қызметі

Маңызды салаларға 530 қажетті техника сатып алынды. Оларға облыстық бюджеттен 10 млрд теңгеден (10,3 млрд) астам қаржы бөлінді.

БҚО әкімінің баспасөз қызметі
Фото: БҚО әкімінің баспасөз қызметі

Атап айтқанда, төтенше жағдай саласына – 44 бірлік, полиция департаментіне – 165 бірлік, орман мекемелеріне – 88 бірлік, тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы саласына – 58 бірлік, денсаулық сақтау саласына – 117 бірлік, білім саласына – 58 бірлік техника алынды.

өрт сөндіру көлігі
Фото: БҚО әкімінің баспасөз қызметі

Материалдық техникалық базаның жаңғыртылуы – тұрғындарға көрсетілетін қызмет сапасының артуына әкеледі.

Алдағы уақытта материалдық базаны жаңғырту жұмыстары жалғасады.

ауыл шаруашылығы көлігі
Фото: БҚО әкімінің баспасөз қызметі

 

Соңғы жаңалықтар