12:21, 24 Наурыз 2014 | GMT +5
БҚО-да екі бала суға кетті
ОРАЛ. ҚазАқпарат - 22 наурыз күні Ақжайық ауданы Бударин ауылында қайғылы оқиға орын алды.
Облыстық төтенше жағдайлар департаментінен түскен мәліметке қарағанда, қар суы толған сайға 2002 жылғы А.Нұрсұлтан мен 2005 жылғы Н.Нұрсұлтан абайсызда құлап түсіп, батып кеткен. Олардың денесін жергілікті тұрғындар шығарып алған.