БҚО-да екі күнде 76 қару иесі әкімшілік жауапқа тартылды
ОРАЛ. ҚазАқпарат - Батыс Қазақстан облысында екі күнде 76 қару иесі әкімшілік жауапқа тартылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, атыс қаруын қолданумен болатын қылмыстың алдын алу мақсатында өңірде 20-23 мамыр аралығында «Қару» жедел алдын алу шарасы өткізілуде.
Бастапқы екі күнде тұрғылықты мекен-жайы бойынша 1 694 қару иесі тексерілді.
Соның ішінде 76 қару иесі әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Қару сақтау ережесін бұзғаны үшін 53 қару тәркіленді, соның 51-і тегіс ұңғылы қару болса, екеуі - газды тапанша. Барлығы 820 мыңнан астам теңге көлемінде айыппұл салынды.
Сонымен қатар тіркелмеген 1 электршокер, 1 тегіс ұңғылы, 1 ойық ұңғылы қару тәркіленді.