БҚО-да ел тәуелсіздігінің 20 жылдығы ұйымшылдықпен тойланатын болады
Басқарма бастығы Тілекқабыл Имашев жүргізіп отырған отырыста Оралдың тәуелсіздіктің 20 жылдығы мерекесіне әзірлігі туралы қала әкімінің орынбасары Азамат Сафималиев баяндап берді.
Басқарма бастығының орынбасары Мұратқали Төрегелдиевтің атап өткеніндей, мерейтойға байланысты жоспарланған түрлі қоғамдық-саяси, ғылыми-танымдық, мәдени-спорттық шаралар жоғары дәрежеде өтуі тиіс. Оған мәдениет үйлері, кітапханалар, білім мекемелері, қоғамдық ұйымдар, шығармашылық және еңбек ұжымдары белсене атсалысатын болады. 26 қарашадан 16 желтоқсанға дейін жиырма жұлдызды күнде шаралар облыс, аудан орталықтарында, әр елді мекенде өтеді.
Отырыста сондай-ақ мемлекеттік органдардың діни бірлестіктермен және үкіметтік емес ұйымдармен байланысы, діни экстремизмнің алдын алу, жастар саясаты мәселелері талқыланды.