11:47, 18 Қараша 2011 | GMT +5
БҚО-да электрлік байланыс кәсіпорындары 4757,9 млн. теңге, пошта және курьерлік кәсіпорындар 252,9 млн. теңгенің қызметін көрсетті
АЛ. 18 қараша. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Батыс Қазақстан облысында биылғы он айда электрлік байланыс кәсіпорындары 4757,9 млн. теңге, пошта және курьерлік кәсіпорындар 252,9 млн. теңгенің қызметін көрсетті.
Облыстық статистика департаментінен түскен мәліметке қарағанда, халыққа көрсетілген байланыс қызметі өсіп отыр. Жыл басынан бері пошталық байланыстан түскен табыс көлемі 151,4 млн. теңге, электрлік байланыстан түскені 2725,4 млн. теңгені құрап, сәйкесінше 19,4 және 5,4 пайызға өсті.
Халыққа көрсетілген қызметтен түскен табыста жергілікті телефон байланысының үлесі 38,2, қалааралық және халықаралық телефон байланысы 26,9, интернет қызметі 27,8 пайызды құрайды.
Биылғы 1 қарашаға тіркелген телефон желілерінің саны тұрғындар бойынша 137,8 мың болса, интернет абоненттерінің саны - 30,3 мың.