12:42, 14 Қараша 2011 | GMT +5
БҚО-да елікті заңсыз атқан азамат ұсталды
ОРАЛ. 14 қараша. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - 13 қараша күні облыстық ішкі істер департаменті табиғат қорғау бөлімі мен малдәрігерлік полиция қызметкерлері Теректі ауданы Колузанов көлі маңында елікті тиісті құжатсыз атқан Зеленов ауданының 41 жасар тұрғынын ұстады.
Департаменттің баспасөз қызметінен хабарлағанындай, аталмыш азаматтан еліктің ұшасы, 12 ұңғылы «Бекас» мылтығы, 24 оқ алынған.
Сондай-ақ департаменттің кримниалдық полиция және ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармаларының, Ақжайық ІІБ қызметкерлері Оралға қарасты Бортау мен Зеленов ауданы Янайкин ауылының 31 және 34 жасар тұрғындарын қолға түсірді. Бұлар 2009 жылы 25 маусымда Ақжайық ауданы Қосқұдық жайылымынан 36 бас жылқыны қымқырып кеткен.
Өткен аптада ұрлық, кісі тонау, қарақшылық шабуыл оқиғалары да тіркелді.