09:18, 17 Шілде 2015 | GMT +5
БҚО-да ер адам банк мүлкін қасақана зақымдағаны үшін айыпты болды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Орал қалалық соты «Kaspi Bank» АҚ-на тиесілі төлем терминалын істен шығарған А.Моор есімді азаматқа қатысты сот үкімін жария етті.
«Қылмыс 2014 жылы 7-24 қазан аралығында жасалған. Жалпы материалдық залал 9 миллион теңгеден асады», деп хабарлады БҚО сотының баспасөз қызметінен. Орал қалалық сотының үкімімен сотталушы А.Моор ҚР ҚК 187-бабы 1-бөлімі бойынша айыпты деп танылды. Ол жасаған қылмысы үшін енді бір жылға бас бостандығынан айырылады. Үкім заңды күшіне енген жоқ.