БҚО-да халықаралық жол бөлігі жабылды

АСТАНА. KAZINFORM — Батыс Қазақстан облысында халықаралық маңызы бар Ақтөбе-Орал-РФ шекарасы («Сырым» өткізу бекеті) жолының 254-261 шақырымы, яғни Орал автовокзалынан Теректі ауданы Подстепный ауылына дейінгі учаскесі толық жабылды.

жол
Фото: ҚР Үкіметі

«ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ БҚО филиалынан мәлім еткеніндей, 27 шілде күні сағат 14.00-ден бастап жабылған жол бөлігінде жоспарлы жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары жүргізіледі.

- Аталған іс-шараға байланысты уақытша келеңсіздіктердің алдын алу мақсатында саяжай тұрғындары үшін Подстепный ауылындағы ұзын көпірден бастап 2-саяжай қауымдастығы бағытына дейінгі жол бөлігі ашық болады. Жол қозғалысына қатысушылардан түсіністік танытуды сұраймыз, - делінген ресми ақпаратта.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Оралда Жайық өзеніндегі көпір екі аптаға жабылатынын жазған едік.

 

Соңғы жаңалықтар