БҚО-да индустрияландыру картасы аясында жалпы құны 256 млрд. теңге болатын 31 инвестициялық жоба жүзеге асырылуда

ОРАЛ. 4 қазан. ҚазАқпарат - Индустрияландыру картасы аясында Батыс Қазақстан облысында жалпы құны 256 млрд. теңге болатын 31 инвестициялық жоба жүзеге асырылуда, бұларда 1500 жұмыс орнын ашу көзделген болатын.
None
None

Облыс әкімдігінен түскен мәліметке қарағанда, соның ішінде 2010 жылы жалпы құны 90,9 млрд. теңгенің 9 инвестициялық жобасы жүзеге асырылып, 600-дей жаңа жұмыс орны ашылды. Атап айтқанда, мия тамырын өндіріп, өңдеу («Licorice Kazakhstan» ЖШС), «Қарашығанақ-Орал» газ құбыры (2 кезеңі) (ҚПО б.в.), Орал ГТЭС құрылысы («Орал газтурбиналы электростансасы» ЖШС), инфрақұрылымы дамыған заманауи мал бордақылау алаңын құру («Crown Батыс» ЖШС), газ айдаушы агрегаттар мен газтурбиналы электростансаларды ойлап шығару және жасау («Батыс Қазақстан машина жасау компаниясы» АҚ), металл құрылымдарын ыстықтай мырыштау бойынша өндірісті ұйымдастыру («Оралагреммаш» АҚ), газды кешенді дайындайтын құрылғы («Жайықмұнай» ЖШС), есік өндірісі («Алтимқұрылысдеталь» ЖШС), «Алим» ЖШС-ның полиэтилен тұрбалар өндірісі іске қосылды.

2011 жылы жалпы құны 157,5 млрд. теңге болатын 11 инвестициялық жоба жүзеге асып, 300 жұмыс орны ашылды. Бұлар:

1. Диаметрі 630 мм-ге дейінгі полиэтилен тұрбалар өндірісі («Орал сауда-өндірістік компаниясы» ЖШС);

2. Газ айдаушы агрегаттардың турбиналық және компрессорлық қалақшалары өндірісі («ҚазМұнайГазҚұрал-жабдық» ЖШС);

3. Пайдаланылған мотор майлары мен резеңке бұйымдарын өңдеу жөніндегі өндірісті ұйымдастыру («Арктур» ЖШС);

4. Кондитер өнімдерін өндіру («Родник» ЖШС);

5. Шұжық цехының өндірісін ұйымдастыру («PREMIUM FOODS» ЖК);

6. Алкогольсіз сусындарды шығаратын цехтарды модернизациялау («Профиль»ЖШС);

7.Ұннан шығарылатын кондитерлік өнімдерді өндіру («Свит»ЖШС);

8. МАЗ автомобилі базасында арнайы автотехникаларды бірлесіп шығаруды ұйымдастыру («Уральскагрореммаш» АҚ);

9. 504 басқа арналған шошқа фермасының құрылысы («Щапов» ШҚ);

10. Қаңылтыр черепицалар, сайдинглер және профилдер шығару («Тәуекел» ЖШС);

11. КПК-ның көмірсутекті шикізатын тереңдете тұрақтандыру мен тазалау жөніндегі қондырғыларының жобасы (КПО б.в.).

2012 жылы жалпы құны 5,2 млрд тенге тұратын, 455 жұмыс орнымен 10 жобаны іске қосу жоспарланған.

Биылғы жылдың алғашқы жартысында жалпы құны 3,1 млрд. теңге тұратын, 260 жұмыс орнымен төрт жоба пайдаланылуға берілді:

1. Балқыту-жаймалау цехын ұйымдастыру («БатысЖолҚұрылыс»ЖШС);

2. Индустриялды парк құрылысын салу ( «Ақсай индустриялды паркі»ЖШС);

3. Корпусты жиһаздың төсеніштері мен көбікполиуретендерін шығаруды ұйымдастыру («Квант» ЖШС);

4. Сырым ауданында ірі қараға арналған кешеннің құрылсын салу («Талап»ШҚ);

Екінші жартыжылдықта жалпы құны 2,1 млрд. теңге тұратын 192 жұмыс орындық 6 жобаны іске қосу жоспарланып отыр.

1. Температураға төзімді әйнек өндіру, әйнектен төзімділігі күшейтілген көпқабатты қаптама бұйым шығару («Стекло Сервис»ЖШС);

2. Ауысымына 20 тонна өнім өндіретін шұжық цехын модернизациялау («Жайық Ет»ЖШС);

3. Цемент-жаңқа қоспасынан плиталар шығаратын цехтың құрылысын салу («УРАЛ-ЛЕС» ШҚ);

4. Ірі қараға арналған кешеннің құрылысы («Әлем»ШҚ);

5. Макарон өнімдерін шығару («Желаев астық өнімдері комбинаты»АҚ);

6. Кондитер өнімдерін шығару ( «Попков»ШҚ).

2013 жылы шойыннан өнімдер шығаратын модернизацияланған қуатты іске қосу жоспарланған ( «Қазармапром» ЖШС).

2010-2011 жылдары құны 248,4 млрд. теңге тұратын, 850 жұмыс орнына арналған 20 жоба пайдалануға берілді.

20 инвестициялық жобалардың сегізі 70 пайыз жобалық қуатында жүзеге асырылды. Қалған жобалар кезек-кезегімен жобалық қуатына жететін болады. Өйткені толық қуатын игеруге өндіріс ерекшелігі әсер етеді.

Өңірде қазақстандық үлес мәселесіне ерекше көңіл бөлінуде және отандық тауар өндірушілерді қолдау мақсатында өнім өткізу жөніндегі проблемаларды шешу үшін www.kz.gov,kz сайтында республика бойынша отандық тауар өндірушілердің мәліметтер базасы жасақталуда. Кәсіпорынның осы сайтқа тіркелуі мемлекеттік органдар­дың, ұлттық компаниялар мен холдингтерге мемлекеттік сатып алу конкурсына қатысуға мүмкіндік береді.

Индустрияландыру картасына стратегиялық маңызды, экономиканың шикізат секторын дамытуға бағытталған және экономиканың басымды салаларында жүзеге асырылатын инвестициялық жобалар енгізіледі.

Сондай-ақ индустрияландыру картасына енген жобалардың қуаты 70 пайызға жеткендері есептен шығарылады және жартыжылдықта бір рет жаңа жобалармен толықтырылады.

Соңғы жаңалықтар