13:13, 06 Желтоқсан 2011 | GMT +5
БҚО-да инфляция деңгейі 106,6 пайызды құрады
ОРАЛ. 6 желтоқсан. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Батыс Қазақстан облысында биылғы қарашада инфляция деңгейі 106,6 пайызды құрады.

Облыстық статистика департаментінен хабарлағанындай, 2011 жылдың қаңтар-қарашасында азық-түлік тауарларының бағасы 7,2 %-ға өсті. Еттің бағасы 19,5 %-ға, соның ішінде шошқа еті - 15,1 %-ға жылқы еті - 16,8 %-ға, сиыр еті - 27,6 %-ға, қой еті 28,2 %-ға көтерілді.
Он айда көкөністер мен жемістер бағасы - 8,7 %-ға, соның ішінде сәбіз - 27,3 %-ға, орамжапырак - 26,5 %-ға, қияр және қызанақ тиісінше 9,2 %-ға және 27,8 %-ға төмендеді. Картоп 21 %-ға арзандады. Осы кезеңде күріш бағасы 19,5 %-ға, қант 8,5 %-ға төмендеді.