БҚО-да қараша айының екінші және үшінші онкүндігінде ауа райы құбылмалы болмақ

ОРАЛ. 11 қараша. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - БҚО-да қараша айының екінші және үшінші онкүндігінде ауа райы құбылмалы болмақ.
None
None

Облыстық төтенше жағдайлар департаментінен хабарлағанындай, «Қазгидромет» РМК мәліметіне сәйкес осы аралықта тұман, көктайғақ болып, қатты жел тұрады. Қарашада орташа ауа температурасы 0°С пен минус 5°С аралығында болмақ. 11-17 қараша күндері ауа райы жылынып, түнде +2°С мен -3°С, күндіз +2°С пен +7°С аралығында болуы ықтимал. 18-20 қарашада күн суытып, күндіз +2°С пен -3°С, түнде -3°С-тен -8°С-қа дейін төмендейді. 21-24 қарашада күндіз -7°С, кей жерлерде -12°С, түнде -13°С-тан -18°С-қа дейін суытады. 25-30 қарашада күндіз -2°С пен +3°С, түнде -3°С пен -13°С аралығында болмақ.

Ылғал мөлшері нормадан жоғары болады деп күтілуде. 15-20 қараша аралығында тұман түсіп, көктайғақ болуы ықтимал. Ал үшінші онкүндіктің басында солтүстіктен соққан желдің екпіні секундына 15-20 метрге жетеді деп болжанып отыр.

Соңғы жаңалықтар