БҚО-да қару тапсырғандарға 8 млн теңге төленді

ОРАЛ. ҚазАқпарат -  Бүгін «КазАрмаПром» ЖШС пешінде 137 дана қару балқытылды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» тілшісі.
None
None

БҚО ІІД баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, мұндай шара тоқсан сайын өткізіліп келеді.

Департамент бастығының орынбасары, полиция полковнигі Бағдар Әбуовтың төрағалық етуімен арнайы құрылған комиссия барлығын тексеріп, содан кейін қапқа салынған қару пешке тасталды. Соның ішінде 104 дана тегіс ұңғылы аңшылық қару, 10 газды тапанша, 8 травматикалық қару, 7 пневматикалық тапанша, 2 шолақ мылтық, 6 заттай айғақ балқытылды.  Сондай-ақ 13 электршокер, 3 тетік, 1 кастет, 9 пышақ пен 1 балта жойылды.

Мұның бәрі - тәркіленген және тұрғындар өз еркімен тапсырған қарулар.

Айта кетейік, биыл қару тапсырған тұрғындарға 8 млн теңге төленді.

Соңғы жаңалықтар