БҚО-да кәсіпкерлерге қатысты тексеріс азайып отыр

ОРАЛ. 11 қараша. ҚазАқпарат - Батыс Қазақстан облысында биылғы тоғыз айда түрлі мемлекеттік органдар тарапынан жүргізілген жалпы тексеріс 26, соның ішінде жеке кәсіпкерге қатыстысы 18,2 пайызға азайды.
None
None
Облыстық құқықтық статистика және арнайы есепке алу басқармасынан түскен мәліметке қарағанда, сонымен қатар заңға қайшы келгендіктен, 241 тексеруді тіркеуден бас тарту туралы шешім шығарылған. Аталмыш тексерістер салық, санитарлық қадағалау, аумақтық жер инспекциясы және басқа мемлекеттік органдардың үлесіне тиеді. Тіркеуден бас тарту хақында қорытынды ең көп жолданған мемлекеттік бақылаушы органдарға құқық бұзушылықты жою туралы прокурорлық ықпал ету кесімі жолданып, 18 тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Аталмыш басқарма «Бизнес тірегі» жобасының тиімділігін одан әрі арттыру жолында Орал қаласындағы қоғамдық көліктерде көрсету үшін бейнетаспалар жолдады. Алайда комитеттің арнайы сайтына жеке кәсіпкер тарапынан жүгіну тым аз. Тоғыз ай ішінде бар болғаны 9 жүгіну түскен. Соның сегізі бойынша түсінік беріліп, бір жүгіну негізінде Шыңғырлау аудандық прокуратурасының көмегімен ықпал ету кесімі шығарылып, сол аудандағы салық басқармасының бір қызметкеріне тәртіптік жаза қолданылған.
Соңғы жаңалықтар