БҚО-да қайтарылған активтер есебінен сумен қамту нысандары салынды

ОРАЛ. KAZINFORM — Мемлекет басшысының халықты сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмасына сәйкес Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе ауданында қайтарылған қаражат есебінен бірнеше жоба жүзеге асырылып жатыр.

Жетісу облысындағы Қызылағаш су қоймасы
Фото: Су ресурстары және ирригация министрлігі

БҚО прокуратурасының баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, Алакөл елді мекенінде ауылішілік су құбырының құрылысы аяқталды.

Тартылған су құбырының жалпы ұзындығы – 4 километр. Жобаны жүзеге асыру ауданның 700-ден астам тұрғынына сапалы ауыз суға қол жеткізуіне мүмкіндік берді.

- Бұдан бөлек, Қаратөбе ауданының Төлен, Сәуле, Қарақамыс елді мекендеріне жаңа тармақты төсеу арқылы сумен қамтудың ұзындығы 64 шақырым магистральдық жүйелерінің құрылысы жүріп жатыр. Аталмыш әлеуметтік жоба тағы 9 мың тұрғынды ауыз сумен қамтамасыз етеді, бұл олардың өмір сүру сапасын айтарлықтай жақсартады. Қайтарылған активтер есебінен қаржыландырылатын әлеуметтік нысандардың құрылысы Батыс Қазақстан облысы прокуратурасының бақылауында, - деп хабарлады ведомстводан.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын БҚО-да соңғы үш жылда елуден асттам медициналық нысан бой көтергенін жазған едік.

 

Соңғы жаңалықтар