БҚО-да кісі өлтірді деген күдікпен 45 жасар тұрғын қамауға алынды

ОРАЛ. ҚазАқпарат - 30 мамыр күні Бөрлі ауданына қарасты Ақсай-Бөрлі жолының 20-шақырымында кісі өлтіру оқиғасы орын алды.
None
None

Бөрлі аудандық сотынан хабарлағанындай, аудандық ішкі істер бөлімі қызметкерлері қылмыстың ізін суытпай, Владимир деген азаматты өлтірді деген күдікпен 45 жасар ер адамды ұстады. Тергеу органдарының мәліметіне қарағанда, К.Тілекқабыл жәбірленушімен өзара сөзге келіп, қос бірдей асүй пышағын кезек-кезек оның бірнеше жеріне сұққан. Соның салдарынан Владимир оқиға орнында көз жұмды.

Бөрлі аудандық сотының қаулысымен ҚР ҚК-нің 96-бабының 1-бөлімі бойынша айыпталған К.Тілекқабыл екі айға қамауға алынып, Орал қаласының тергеу изоляторына жатқызылды.

Соңғы жаңалықтар